К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қыркүйек 10:21

ҚТЖ транзиттік және экспорттық тасымалдарды дамытуға 1,1 трлн теңге жұмсайды

ҚТЖ транзиттік және экспорттық тасымалдарды одан әрі дамыту үшін бірқатар жобаларды іске асыруда. Бұл туралы «New Silk Way» V Конференциясының «Теміржол логистикасы» тақырыбындағы панельдік сессия барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петров айтты, деп хабарлады Rail-news.kz.

Атап айтқанда, Қытаймен шекарадағы өткізу қабілетін едәуір арттыратын Достық – Мойынты учаскесі екінші жолдарының құрылысы жоспарланған.

Алматы торабын айналып өтетін айналма темір жол құрылысы транзиттік жүк ағынын қысқа маршрутқа ауыстырады және Алматы торабын орта есеппен 30-40%-ке төмендетеді. Сондай-ақ, Қытаймен үшінші шекара өткелін – Бақты-Тэчен және Аягөз-Бақты темір жол учаскесін салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл жобаларды іске асырудың болжамды құны 1,1 триллионнан астам теңгені құрайды.

Сонымен қатар, локомотив паркін жаңарту бағдарламасы аясында 500-ден астам заманауи жүк және жолаушылар локомотиві сатып алынды.

2029 жылға дейін 100 пайыздық қарыз қаржыландырумен жалпы құны 1,2 трлн теңге болатын тағы 450 локомотив жеткізу жоспарланып отыр.