"Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне айналуда. Бізге ашылған мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланып, шын мәнінде әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік торапқа айналу керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатын болады.