К 30-летию Независимости Казахстана | 25 мамыр 10:06

ҚТЖ: Түркістанда «100 жас есім» жобасының бірінші кезеңі өтті

Мамырдың 22-26-сы күндері «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «100 жас есім» жобасының бірінші кезеңі Түркістан қаласында өткізілді.  

Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында іске қосылған жоба компанияның жас та дарынды қызметкерлерін дамытуға бағытталған, үздік жүздіктің пулына енген жеңімпаз жастар оперативті кадр қоры әрі компаниядағы агенттерді алмастырушы болып табылады. Жас теміржолшыларды шыңдауға бағыттаған жобаға еліміздің барлық аймағынан іріктеуден өткен 100 жас маман қатысуда. Бірнеше күнге созылған оқу-семинарда олар түрлі сала мамандарынан дәріс алып, бір-бірімен тәжірибе алмасуда.  

Модульдің ресми ашылу салтанатынан соң Жастар бастамаларының стратегиялық сессиясы өтті. Одан әрі «Тиімді іскерлік қарым-қатынас дағдылары», «Мәселені шешу жоспарын талқылау», «Мобилография бойынша қарқынды практикум», «Бизнестегі тауар тасымалы» сияқты темір жол жұмысындағы ең  өзекті тақырыптарға дәріс, шеберлік кластары өткізіліп, топтық жұмыстар мен түрлі танымдық ойындар жүргізілді.    

 

Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан іріктеуден өткен 4 жастың бірі Жарқын Сариев – Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясына (ШЧ-37) техникалық бөлімнің жетекші инженері. Жарқын темір жолдағы еңбек жолын 2011 жылы Көлік академиясын бітірген соң СОБ электромонтері болып бастаған. Екінші жас Назарбай Ыбышев – Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маманы. Сагидулла Маденов – Шымкент ЖТ қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері. Нұрсұлтан Исабеков – 2016 жылдан бері Түркістан локомотив пайдалану депосының өндірістік бөлім бастығы.    

Бұл жас теміржолшылардың бәрі де болашағын өздері таңдаған кәсіпке арнап, таңдаулы маман атанудан үмітті. Сол үшін тынбай оқу, іздену, өздерін жетілдіруді мақсат етеді.