Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:
• № 105/106 «Петропавл – Алматы»
• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады. Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады.
Жеңілдікпен билеттер www.bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында сатылады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады. _