К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қаңтар 14:20

ҚТО «Баку-Тбилиси-Джейхан» бойынша мұнай экспортын 1,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты

2023 жылдың 12 айында Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 3 миллион 376 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 108 мың тоннаға көп.

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. Теңіз кенішінен осы бағыт бойынша 1 миллион 057 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.