Құжатты табыстау шешімін арнайы комиссия шығарады. Оның құрамына кәсіподақ ұйымы, кәсіпкерлік палатасы және еңбек басқармасы енеді. Бұл аталмыш кәсіпорынға еңбек қатынасы, еңбекті қорғау саласында мемлекет, кәсіподақ және кәсіпкерлік палатасы сенім білдіреді деген сөз. Құжаттың моральдық, идеалогиялық маңызы да зор.
Сенім сертификатының тағы да бір басымдығы еңбек басқармасы тарапынан жоспарлы тексерулер жүргізілмейді.