«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Роснефть» ҰК» ЖАҚ арасындағы шартқа қосымша келісім шартты 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды, жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдауды және қолданыстағы тарифті сақтауды көздейді.
Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай» (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдау қызметі ҚҚС есебінсіз бір тонна тарифке 15 АҚШ долларын құрайды, оның ішінде: «Атасу БМАС-на мұнайды ауыстырып тиеуді қоса алғанда, Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс өңірі) – «Атасу» (Қазақстан Республикасы) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін тариф 4,23 АҚШ долларын құрайды; «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай» (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін 10,77 АҚШ долларын қүрайды.
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Қытай Халық Республикасына 3,2 млн тонна Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды.