К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қаңтар 17:46

ҚТО Маңғыстаудағы нысандарында су тазартатын мобильді құрылғыларды орнатты

Құрал-жабдық Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Қаламқас» пен «Қаражанбас» мұнай айдау станцияларының нысандарында орнатылды.  

Жоба аталмыш басқарма қызметінің сапасын жақсарту бағдарламасы аясында іске асып, қызметкерлерді ауыз сумен қамтамасыз етуге және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған. Қондырғылар Еділ суын (техникалық су) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ауыз су сапасына дейін тазартуға мүмкіндік береді.

Бұл қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұрын ауыз су өндіріс объектілері үшін Маңғыстау облысының Қияқты ауылындағы сорғы станциясынан жеткізіліп, оның сатып алуына едәуір қаражат жұмсалған болатын.

 

 

Жобаны іске асыру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ аталған өндіріс орындарына ауыз су жеткізу жұмысын айтарлықтай арзандатып, экологиялық қауіпсіздікті, әлеуметтік жауапкершілікті және өндірістік объектілердің жұмыс тұрақтылығын арттыруға қол жеткізді.