Қатысушылар екі сағатқа жуық уақыт бойы естен айырылған адамға қалай көмектесу, тынысты қалай анықтау керек секілді медициналық әдістерді көрсетті.
«Еңбекті қорғау күні аясында өткен шараға 37 жүргізуші мен машинист қатысты. Апат айтып келмейді. Орын алған төтенше жағдайларда біздің мамандарымыз сақадай сай болуы керек. Біздің мақсатымыз – мамандарға алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру», – деді қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер Ермек Сүлейменов.