Кездесуде Қытай - Қазақстан - Ресей көлік транзиттік дәлізін дамытуға байланысты негізгі мәселелер талқыланды, сондай-ақ маршрут бойынша экспресс-пойыздарды іске қосу және цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Бұл келіссөздер транзиттік тасымалдарды дамытуға және перспективалы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған қытайлық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңі болып табылады.
Анықтама: Chengdu International - Қытайдағы Чэнду халықаралық теміржол портының еркін сауда пилоттық аймағында орналасқан порттық инвестициялық тобы.