К 30-летию Независимости Казахстана | 03 сәуір 15:30

KTZ Express қазақстандық экспортты жылжыту туралы меморандумға қол қойды

"KTZ Express" АҚ және отандық экспортты ілгерілету жөніндегі оператор – "QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Құжат елімізде өндірілетін шикізаттық емес экспортты ілгерілету үшін күш-жігерді біріктіруді көздейді.

Бұл ынтымақтастық оңтайлы жеткізу маршруттарын ұсынуды және көлік шығындарын барынша азайтуды ескере отырып, қазақстандық тауарларды өткізудің шетел нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін тараптар экспорттық логистикалық мультимодальды сервистерді құру және дамыту бойынша белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ тасымалдау процесін оңтайландыру үшін ақпараттық базаларды интеграциялау мәселелерін пысықтайтын болады.