К 30-летию Независимости Казахстана | 19 шілде 08:34

Қуаңшылықпен күрес. Маңғыстауға мал азығы жөнелтілді

Сарыағаш және Арыс станцияларында вагондарға шөп басу ісі қарқын алды. 17 шілдедегі мәлімет бойынша, Маңғыстау облысына 33 вагон шөп жіберілді. Оның ішінде 15 вагонды «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ беріп отыр.

Мал азығын жіберу ҚТЖ серіктестері «Шынгар Транс» ЖШС, «ПроммашKZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс» ЖШС, «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асты. Оған қоса тағы 7 вагон жүк жіберіледі.

Қосымша вагондарға өтініштер әлі де көбеюі мүмкін. ҚТЖ көлікпен қамтамасыз ету мен жүкті жөнелту мәселесін өтініштердің санына қарай біртіндеп шешіп отырады. Вагондардың станцияларда тұрғаны үшін ешқандай ақы алынбайды.