К 30-летию Независимости Казахстана | 28 желтоқсан 08:21

Курчатов – оптикалық желілерге толығымен көшкен алғашқы моноқала

«Қазақтелеком» Курчатов тұрғындарын 100% «оптикаға» көшіру жұмыстарын аяқтады. Моноқала желісін жаңғырту бойынша ауқымды жоба аясында телеком-оператор шамамен 29 шақырым магистральдық желі салып, өзінің инфрақұрылымын ұлғайтты.

Пилоттық жоба ретінде 100-ден аса көп қабатты және 12 мың халқы бар елдің шығысындағы Курчатов шағын қаласы таңдалды. Телеком-оператордың техникалық ұжымы моноқаланың желілік инфрақұрылымына мұқият талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша оны мыс технологияларынан оптикаға толық ауыстыру туралы шешім қабылдады, ал ауқымды жаңғыртудың өзі бір жылға жуық уақытты алды.

«Оптикаға ауысу арқылы клиенттерге сандық шешімдердің бүкіл экожүйелері қол жетімді болады. Телекоммуникация жобасының аясында оператор «ақылды қалаларды» дамыту үшін өз негізін жасайды. Жалпы, мыстан ауысу – бұл клиенттердің дамып келе жатқан қажеттіліктеріне сәйкес, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін желіні дамытудың және технологиялардың өзгеруінің жаңа кезеңі», – деп атап өтті «Желі» Дивизион» Бірлестігінің» сапа бойынша директоры Шыңғыс Құсқамбасов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Қазақтелеком» өзінің стратегиялық міндеттерінің бірі – республиканың барлық өңірлерінде ADSL технологиясын пайдаланудан толық кету және қолда бар мыс желілерінің шамамен 54 мың шақырымын қайта жаңарту екенін айтады. Өз кезегінде оператордың оптикалық желілерінің жалпы көлемі 87 мың шақырымнан асады, ал мыс магистральдары көбіне оптикалық байланыс желілерімен «көршілес» жатады. Клиенттерді «оптикаға» көшіру жөніндегі бастама бірнеше жылға есептелген, жаңғырту «Қазақтелекомның» өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Мыс желілерінен оптикалық желілерге ауыстыра отырып, клиенттерге жаңа мүмкіндіктер мен сервистер ашылады – сандық теледидар және TV+ платформасы, 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықты интернет, бейнебақылау қызметтері және т.б. Ескірген технологиядан қазіргі заманға дейінгі ауқымды ауысым телеком-оператордың технологиялық базасында да көрініс тапты.

«Абоненттерді 100% «оптикаға» ауыстыру ғимараттарды оңтайландыруға және ескірген С&C08 TDM типті АТС жабдықты пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік берді. Егер бұрын компания мыс желісінің тұрақты жұмысын қолдау үшін көлемді жабдықты орнатуға үлкен бөлмелерді пайдаланса, қазір заманауи құрылғылар контейнерлер ішіндегі арнайы оптикалық кроссттарға ауыстырылды. Мұнда 20 шақырым мыс кабелі демонтаждалуда», – дейді «Желі» Дивизион» Бірлестігінің» Қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымқанов.

Курчатовты 100% оптикаға ауыстырған сәтті жобаның аясында компания басшылығы бастаманы ұлғайту бағытында шешім қабылдады. «Қазақтелекомның» келесі жылғы жоспарында бірқатар шағын қалаларды атап айтқанда Түркістан, Степногорск, Хромтау, Ақсай, Ақтау, Жаңаөзен, Жезқазғанды «оптикаға» толық көшіру жөніндегі бағдарламасын іске асыру көзделген.