Мұнай құбырларындағы дәнекерленген тұстарды радиографиялық бақылау әдісі құбыр бөлігіне медициналық тәсілдегі сияқты рентген сәулесін түсіру қағидатына негізделген. Дәнекерленген түйіспеде сәуле түсетін қабық болады. Кейін қабықты шығарады, кептіреді, ақаутапқыш арқылы өткізеді де дәнекерленген жікте ақаулардың болуы немесе болмауы туралы қорытынды береді. "Дәнекерлеу кезінен бастап қорытынды шығарғанға дейін бірнеше тәулік өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде дәнекерлеу бригадасы шамамен 40 түйіспе жасай алады. Салыстыру үшін 80 түйіспе – құбырдың бір шақырымын құрайды. Әдепкі рентген сәулелерінен айырмашылығы, цифрлық әдіс кескіндерді шығаруды және кептіруді қажет етпейді. Барлық ақпарат компьютердің мониторында көрсетіледі. Бұл процесті едәуір жылдамдатады. Екі сағат ішінде бригада қандай дәнекерлеуші және қай жерде қате жібергенін толық біледі", - дейді "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов. Мамандардың пікірінше, мұнай құбырларындағы дәнекерленген тұстарды радиографиялық бақылау әдісі ең дәл болып саналады. Бұл дәнекерленген тұстардың сапасын тексеру және мұнай-газ құбырларын, өнеркәсіптік құбырларды салу және орнату кезінде ақауларды анықтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде цифрлық рентген Ресейде, Қазақстанда және АҚШ аумағында қолданылады.