К 30-летию Независимости Казахстана | 20 мамыр 12:08

Құжат ресімдеудің толық ашықтығына қол жеткізілді

Алматы ЖТ бөлімшесінде Кірме жолдарға вагондарды беру және әкету мәселелерінде тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылының регламенті бекітілді, деп хабарлады «Қазақстан Темір Жолы» АҚ баспасөз қызметі.

Құжат жүк жөнелтушілердің тасымал қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ вагондарды беру-алу процесінің ашықтығына қол жеткізу, кезектілікті тіркеу және сыбайлас жемқорлық құрамдарын жою мақсатында қабылданды.

Бұл туралы «ANTIKOR.LIVE» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Алматы ЖТ бөлімшесі»  филиалының директоры Берік Ақшалов айтып берді.

Оның мәліметінше, бөлімшеде қолма-қол есеп айырысу толығымен алынып тасталған. Станцияларда технологиялық құжат айналымы автоматтандырылған.

«Шарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған жүйесі арқылы жүк жөнелтушілер тасымалдау құжаттарын ресімдеуді онлайн-режимде жүзеге асырады. Қағазсыз технология жүк жөнелтушілердің станция қызметкерлерімен жеке байланысын болдырмау мақсатында енгізілді.

«Автоматтандырылған жүйе жүк алушылар үшін бизнес-процестердің:  жүктерді тиеуден (қабылдаудан) түсіруге (тапсыруға) дейінгі барлық логикалық тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етті», – деді Берік Ақшалов.

Алматы бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» партиясы өкілдері шақыртылып, сондай-ақ жүк жөнелтушілермен/жүк алушылармен жүйелі негізде кездесулер өткізіледі, онда проблемалық мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ашық талқыланады.

Барлық құрылымдық бөлімшелерде сенім телефондары мен «Адал жол» жобалық кеңсесінің электрондық мекен-жайы көрсетілген, сондай-ақ ұжымға «Параға – жоқ!» деген ұран жазылған ақпараттық парақтар ілінген.