Құрылысқа бөлінген аумақ 3 метр ойпатта орналасқан. Бірақ мәселе сол жерде шешілді: жайлы мектеп орналасатын учаскені жолға қарай 100 метрге жылжыту туралы шешім қабылданды.
Жақын арада Құлсары қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі тиісті құжаттарды дайындап, жер учаскесін рәсімдеуді бастайды. Сондай-ақ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізілмек. Мәулен Айманбетов мердігер ұйымға барлық заңнамалық рәсімдерден кейін құрылысқа дайындық жұмыстарын дереу бастауды тапсырды.
Атырау облысына жұмыс сапарының соңында Айманбетов өңір басшысы Серік Шапкеновпен кездесті. Жеке әңгіме барысында SK Construction басшысы инженерлік коммуникацияларды уақтылы тарту, жиһаз іріктеу жөніндегі өңірлік комиссия құру, құрылыста жергілікті материалдар мен тауарларды пайдалану және басқа шешілуі тиіс мәселелерді талқылады. Облыс әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетіп, өз тарапынан қатаң бақылауды қамтамасыз етуге уәде берді.