Басқарма кеңсесінде өткен жиынға Жылыой аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Гайдар Арыстанов және басқарма басшылығы, 50-ден астам зейнеткер қатысты. Ардагерлер Кеңесін құрудағы негізгі мақсат ортаға салынды.
Ол алдымен өндіріске еңбегі сіңген ардагерлер, соның ішінде жалғызбасты зейнеткерлерге көмектесу, басқарманың қоғамдық өміріне, шараларына араласу және жас мамандарға өнеге көрсету. Осындай мақсат ұстанған Құлсары МҚБ бастауыш ардагерлер Кеңесінің төрағалығына Орынғали Жарылғапов бірауыздан сайланды.
Жалпы Құлсары мұнай құбыры басқармасында 126 зейнеткер тіркелген. Олардың басым бөлігі Жылыой ауданында тұрады. Енді мұнайқұбыршы зейнеткерлерге аудандық ардагерлер Кеңесі арқылы Құлсары қаласының орталығынан арнайы бөлме бөлінетін болды. Онда зейнеткерлер бұрышы ашылып, бірге бас қосады. Шахмат, дойбы ойнайтын бөлме, кітапхана да қарастырылмақ. Ардагерлер жиналатын, бос уақытын тиімді өткізетін жер болмақ.