К 30-летию Независимости Казахстана | 18 мамыр 08:15

Күн тәртібінде – референдум

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқарушы құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Әбілфас Хамедов қазақ халқына зор алғысын айтып, қазіргі таңда ел аумағында 130 ұлт өкілдерінің бейбітшілік пен өзара татулықта өмір сүріп жатқанын, сондай-ақ бірлігі бекем елдің озатынын тілге тиек етті.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы бүкілхалықтық референдум туралы сөз қозғап, Мемлекет басшысының ел дамуына қажетті саяси реформалардың маңыздылығына тоқталды.

 

Кездесу еркін форматта өтіп, мұнайшылар өз ұсыныстарын ортаға салды. Депутатқа сауал жолдап, көкейде жүрген түйткілді мәселелерімен бөлісті. Кездесуде экология (Қошқар Ата қалдық қоймасы), денсаулық сақтау (медициналық кадрлардың жетіспеушілігі), ауыл шаруашылығын дамыту, көгалдандыру, қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері көтерілді. Сонымен қатар өңірдегі жұмыссыздық пен шарықтаған азық-түлік бағасы туралы да сөз қозғалды.

Өз кезегінде Әбілфас Хамедов аталған мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, мұнайшыларды алдағы референдумға белсенді қатысуға және ұсынылған реформаларды қолдауға шақырды.