Семинарды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов ашып, екі күндік семинар өзекті сауалдар мен мәселелерді мұқият талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Аталған шараға жетекші дәрігерлер, медициналық сарапшылар, мұнай-газ өндіруші компаниялардың емдеу, алдын алу орталықтарының өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар ЕТҰ кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік медицинаның қазіргі жай-күйімен танысып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруді ұйымдастыру бойынша корпоративтік стандарт жобасын талқылады. Сондай-ақ басқа да көптеген мәселелерді назардан тыс қалдырмауға тырысты.
Семинар қорытындысы бойынша медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде қатысушылар бүгінгі семинарды ұйымдастырушыларға алғыс айтып, оның қордаланған мәселелерді талқылау мен тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналғанын атап өтті.