К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қазан 14:50

Қыркүйекте ҚТЖ желісіндегі орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі 6,7 пайызға өсті

ҚТЖ желісінде тасымалдау процесін ұйымдастырудың барлық негізгі көрсеткіштері орындалды. 

Биылғы қыркүйекте желідегі вагондардың жалпы саны 10% азайып, 91 мың бірлікті құрады. Вагондардың артық саны жүктер мен жолаушылар пойыздарының қозғалысына, тасымалдау жылдамдығына әсер етеді. Теміржолшылар вагон айналымын 1,1 тәулікке немесе 16% жылдамдата алды. Бұл жыл басынан бергі ең жақсы көрсеткіш.

Сондай-ақ локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 2,1%, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі 2,6%, пойыздың орташа учаскелік қозғалыс жылдамдығы 1,9% және орташа техникалық жылдамдық 1,2% жақсарды. Мұның бәрі магистральдық желінің тиеу мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік берді.

Қыркүйек айында орташа тәуліктік тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% өсті.