Аталған қор «Тұлпар» зауытынан жолаушылар тасымалына арналған 62 тальго вагонын сатып алу үшін қаржы бөлген.
«Вагондарды сатып алу және оларды лизингке беру инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жаңа вагондар жылжымалы сатылармен, жиналмалы үстелдермен, температураны жеке реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Ол Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша қатынайды. Жоспарға сәйкес, сатып алынған «Тальго» вагондары жылына 290 мың жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Оларға қызмет көрсету үшін қосымша 228 жұмыскер қызметке алынады», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметі.