Ол салмағы 100 тоннадан асатын тиегіш көлікті басқару еш қиындық тудырмайтынын айтады. Білікті жүргізуші берілген тапсырманы сапалы орындауға барын салады. Құрманғазы құрылыс жұмыстары алаңында да, ұңғымаларды жөндеу учаскелерінде де, ауыр жүктерді тиеу процестеріне де белсенді араласып, тәжірибесін толықтырған. Еңбекке деген құштарлық арқасында ол, өз ісінің шебері атанып, кәсібінің нәсібін көріп отыр.
«Көлік жүргізу, әсіресе ауыр техникаларды басқаруды жастайымнан ұнаттым. Қазір бұл менің өмірлік қызметіме айналды. Кен орнын дамытуға мен де өз үлесімді қосып келе жатқаныма қуаныштымын. Біз де Қаражанбаспен бірге өркендеп, биік белестерге жетеміз», – дейді Құрманғазы.
Қазір Құрманғазы бу өндіру цехы аумағындағы бу генераторлық паркін жаңарту жұмыстарына атсалысып жүр. Білікті маман жақсы адами қасиеттерді бойға жиған жүргізуші ретінде көптің алғысына бөленіп үлгерген.