Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығы елдің бүкіл темір жолының жүрегі деп аталады. Орталық елордада, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ бас әкімшілік ғимаратында орналасқан. Ол бүкіл республика бойынша пойыздардың қозғалысын үйлестіреді. Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығынан 85 диспетчер тасымалдау процесін басқарады.
Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, Оралхан Құлақов елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теміржолдың рөлін атап, теміржолшыларға күнделікті еңбегі, өз ісіне адалдығы мен жауаптылығы, теміржол көлігін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын айтты.
Көлік қызметкерлері күніне орай диспетчерлер Қуантай Ахметов пен Берік Досанов адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі, кәсібилігі және өндірістік мәселелерді шешуге белсенді қатысқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.