Ермек Нақыпбекұлы білікті де кәсіби маман. Ол еңбек жолын пойыз құрастырушыдан бастап теміржолдың ірі құрылымдық бөлімшесінің басшысына дейін өсті. Станция кезекшісі, станция бастығы қызметтерін атқарып, «Қазақстан темір жолының» техникалық басқармасына басшылық етті.
Тасымал процесі дирекциясының бас инженері, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының Қарағанды және Ақмола жол бөлімінің директоры, аппарат директоры, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы болды.
Транспорт саласындағы жетістіктері мен адал еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «10 жыл Астана», «Адал еңбегі үшін», «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медальдерімен марапатталған.
«ТҮРКСІБ 90» төсбелгісін «қазақстан темір жолы» АҚ Түркістан-Сібір магистралінің 90 жылдығына орай шығарған болатын. Белгімен Қазақстан теміржол саласының дамуына үлес қосқан мыңға жуық теміржолшылар мен ардагерлер марапатталды.