Оның үлкен кәсіби тәжірибесі және локомотив шаруашылығындағы көпжылдық сіңірген еңбегі бар. Жалпы жұмыс өтілі 45 жылдан асады, ал еңбек кітапшасында бірнеше ғана жазба бар. Ол бала кезінен теміржолда жұмыс істеуді армандады. Бірде ол өтіп бара жатқан пойызды көріп, фантастикалық техникаға: локомотив пен бір-бірінің артынан жыпылықтап бара жатқан вагондарға аңсары ауды.
1975 жылы Целиноград теміржол техникумын бітіріп, әскерде қызмет етіп, Целиноград депосында машинистің көмекшісі болып жұмыс істеді. Артынан Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірді. Локомотив диспетчері, аға локомотив диспетчері, жедел-өкімдік жұмыс бөлімі бастығының орынбасары, «Локомотив» АҚ локомотив пайдалану басқармасының бастығы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив пайдалану басқармасының бас менеджері болып жұмыс істеді. Әр жылдары ол алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Оған «Құрметті теміржолшы» атағы берілді.
«Менің бүкіл өмірім осында локомотив шаруашылығында өтті. Теміржолшылар – ерекше шыныққан, өте шыдамды, тәртіпті және жауапты адамдар. Олардың жұмысы жүк пен жолаушыларды жеткізумен, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігімен байланысты», – деді Серік Құқашұлы.
Оның айтуынша, қауіпсіздік тұрғысынан теміржол алға қадам басты, локомотив паркі 70% жаңартылды. Қызметке елордалық зауыттарда жиналған, локомотив бригадалары үшін қолайлы жағдайлары бар заманауи тепловоздар мен электровоздар келді.
Көптеген жылдар бойы теміржолда жұмыс істеген Серік Құқашұлы еліміздің барлық аймақтарына барып, достар тапты. Зейнет демалысында ол бүкіл ел бойынша саяхаттауды жоспарлап отыр.
«Бізде көптеген әдемі орындар бар және барлық жерде күтеді», – дейді ол.
Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп өсірді, олардан бес немересі бар.