Компания жобалаудан бастап тереңдету жұмыстарының аяғына дейін толығымен жауапты. Порт түбін тереңдету жұмыстары терминалдың өткізу қабілетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Құрық портының өткізу қабілеті 6 млн тонна (теміржол терминалы – 4 млн, автотерминал – 2 млн). Сондай-ақ, портта 250 жүк көлігін сақтау мүмкіндігі қарастырылған. Дәл осындай жұмыстар Ақтау портында да жүргізіледі.
Порт түбін тереңдету Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту аясында қабылданған кешенді шараның бірі. ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 7 айда 62% - ға ұлғайып, 2,5 млн тонна (2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,6 млн тоннаға тең болды).