Порт басшылығының шешімімен Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия республикаларының аумағы арқылы транзитпен өтетін Өзбекстан Республикасынан шыққан гуманитарлық жүк тасымалдаушы көліктер Құрық портында баждар мен алымдардан босатылды.
Сондай-ақ Құрық порты Түркия тарапына тиісті құжаттарды дайындауға және 6 жүк көлігін жөнелту шараларын жылдамдатуға көмектеседі.