Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, жылжымалы құрам паркін жаңарту, сауда флоты мен Ақтау және Құрық порттарының қуаттарын кеңейту жөніндегі шараларды талқылады.
Атап айтқанда, Ақтау портында контейнерлік хаб құру, қайта тиеу техникасы паркін жаңарту және мұнай айлақтарын қалпына келтіру және Құрық портында жаңа айлақ салу, көпфункционалды және астық терминалдарын іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ 2030 жылға қарай Каспийде 10 мұнай баржасы, 8 паром, 6 танкер және контейнерлік кеме жұмыс істей бастайды деп күтілуде.