Бұл – Құрық портын дамыту аясындағы "ҚТЖ "ҰК" АҚ жүзеге асырып жатқан жаңа жоба. 2022 жылы бір мезгілде 25 мың тонна дәнді дақылдарды сақтайтын қуаты жылына 1 млн тонналық терминалды іске қосу жоспарланып отыр.
Терминал Қазақстан – Иран/Кавказ өңірі елдері бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге астық дақылдары экспортының болжамды көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Қол қойылған Келісім көлік маршрутының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, жүк ағындарын ұлғайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесін жетілдіруге ықпал етеді.