4 ай ішінде «Jan De Nul Kazakhstan» ЖШС бас мердігері Каспий теңізіндегі ең қуатты «Vesalius» жер снарядының көмегімен барлық қажетті жұмыстарды жүргізді. Алынған топырақтың көлемі 990 000 текше метрден асты.
Жұмыстарға «Jan De Nul Kazakhstan» ЖШС компаниясының төрт кемесі, қазақстандық мердігерлердің буксирлері мен техникасы, отандық жобалау және сюрвейерлік компаниялар тартылды. 50-ден астам жұмыс орны құрылды.
Тереңдету жұмыстары порттың терминалдық қуатын одан әрі арттыруға жағдай жасады. Аталған жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту шеңберінде қабылданатын кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады және осы маршрутта жүктерді тасымалдау бойынша өсіп келе жатқан қажеттіліктерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрық портының жобалық қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 4,1 млн тоннасы - темір жол тасымалы және 1,9 млн тоннасы - автокөлік құралдары тасымалы.