К 30-летию Независимости Казахстана | 30 октября 17:02

Құрылтай депутаттары «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған инклюзия кабинетіне барды

ҚР Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Елдос Баялышбаев, Захира Бегалиева, Армангүл Тоқтамұрат және Наталья Рамазанова Астана қаласындағы №97 мектеп-гимназияда орналасқан инклюзияны қолдау кабинетіне барды. Депутаттар кабинеттің жұмысымен танысып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жасалған мүмкіндіктерді бағалады. Кабинетті «Самұрық-Қазына» атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры 2024 жылы қыркүйекте ашты. Осы уақыт ішінде кабинетке келетін балалардың саны 22-ден 50-ге дейін өсті.

 

Депутаттар қордың инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, осы тәжірибені еліміздің басқа мектептеріне де тарату маңызды екенін атап өтті. Бүгінде ел бойынша осындай 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Олар 3 мыңға жуық оқушының инклюзивті білім алуына мүмкіндік береді. Кабинетте дефектолог, логопед және психологпен сабақ өткізуге арналған арнайы аймақтар, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін қыш шеберханасы бар. Балалардың физикалық оңалуына ерекше көңіл бөлінеді: кабинетте емдік дене шынықтыру сабақтарына арналған заманауи жабдықтар мен спорттық құрал-жабдықтар бар. Ал педагогтер мен бейінді мамандар сапалы қолдау көрсету үшін арнайы оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.