Жұмыскерлерге қанша жан ашығанмен, заң баптары, Еңбек кодексі қағидаттары бұзылмағандықтан, кәсіподақ ішінара мүшелерін қорғап қалса да, тұтастай оңтайландыру қадамдарына еріксіз келіскен.
"Еңбек адамдарының табиғаты негізінен қанағатшыл. Сондықтан көп нәрсе сұрамайды: шағын ғана тізбесі - тұрақты айлық, арагідік сыйақымен көтермелеу, жарқын болашақ көкжиегі. Ертеңгі күн демекші, жекешелендіретін болсақ, ертеңгі күніміз қалай түзілмекші деп уайымдаймыз. Материалдық-техникалық, басқа да қамтамасыз ету жақтары заң жүзінде жетілдірсе, кәсіподақ беделі де өсе түсетіні шүбәсіз", - дейді Ақтау теңіз сауда портының кәсіподақ төрағасының орынбасары Гүлжан Сағатова.
Толығырақ "SK News" газетінің жаңа нөмірінде: https://sknews.kz/ru/newspaper/read/sk-news-20-106