К 30-летию Независимости Казахстана | 12 шілде 13:30

Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан бағытында алғашқы жүк пойызы жолға шықты

2023 жылдың 4 шілдесінде Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан бағытында алғашқы екі жүк пойызы жолға шықты. Ланфан қаласынан шыққан бірінші пойыз құрылыс материалдарын тиеген, ал тұрмыстық техника тиеген екіншісі Гуанчжоу қаласынан аттанды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Қашқар станциясында (Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) контейнерлер көліктерге қайта тиеледі және Еркеш-Там шекара өткелі арқылы Ошқа (Қырғызстан), сол жерден темір жол арқылы Ташкентке (Өзбекстан) жөнелтіледі.

Тасымалдау Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне сәйкес және 2023 жылы мамырда Қытай-Орталық Азия саммиті аясында қабылданған Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысын жеделдету туралы шешімге сәйкес іске асып отыр.

Ұзақтығы шамамен 6 мың шақырымды құрайтын Лангфаннан Ташкентке дейінгі жолды 12 күнде еңсеру жоспарлануда.

Бұл бағыт еліміздің Қорғас терминалы арқылы жеткізумен салыстырғанда уақытты шамамен 5 күнге қысқартады деп күтіліп отыр. Осы бағыттағы жөнелтуді Taitong International Transport компаниясы ұйымдастырып отыр.