Садыр Жапаров жиын барысында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол желісін салатындарын мәлімдеді. Тараптар тиісті құжатқа Самарқанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде қол қоймақ. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Көрші қырғыз елі Қара-Кече көмір кен орнын ел астанасымен жалғайтын темір жол желісін салуды да қолға алмақ.
«Темір жол желісінің дамуы жаңаша бағыт алып отыр, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет өз күшімізбен теміржол желісін салуды қолға алдық. «Қыргыз темир жолы» мемлекеттік мекемесі Балыкчи – Кочкор – Кара-Кече темір жол құрылысының жобасын іске асыруға кірісіп кетті», – деді Садыр Жапаров.