Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтарынан сәуірге дейін 609 мың фут эквивалентті бірлік (TEU) тасымалданды, яғни 2022 жылға қарағанда 32%-ға көп.
Осы жылдың сәуірінде Қытай мен Еуропа арасындағы рейс саны да 1 459-ға дейін көбейген, бұл 2022 жылғы сәуірдегі көрсеткіштен 25%-ға жоғары. Бұл пойыздар шамамен 160 мың фут эквивалентті бірлік (TEU) тасымалдап, өткен жылғыдан 45%-ға жоғары болды.
Оған қоса жүк тасымалының географиясы да кеңейіп отыр. 2023 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша Қытайдан жіберілген жүктердің басым бөлігі Еуропаның 211 қаласына бағытталған.