Контейнерлік хаб құру жобасы екі ел үкіметтерінің қолдауына ие болды және "Бір белдеу, бір жол" жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру Қазақстанның халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын күшейтеді және көлік-логистикалық саланы дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.
Еуразиялық көлік жүйесінің маңызды буындарының біріне айналатын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) бойындағы контейнерлік хабтың орналасуы маршруттың тартымдылығын одан әрі арттыруға және транзиттік тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ляньюньган порты KTZ Express-тің стратегиялық серіктесі болып табылады, оның ынтымақтастығы 10 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде екі бірлескен жоба: Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалы және Орталық Азиядағы ең ірі Құрғақ порт Khorgos Gateway іске асырылды.