К 30-летию Независимости Казахстана | 02 сәуір 09:03

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты ашылды

1 сәуірде пилоттық контейнерлік пойыз Наньнинг қаласындағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының әкімшілік орталығынан Нұр-Сұлтанға келіп жетті.

Жаңа қызмет Қазақстан-Қытай бастамасы «Бір белдеу - бір жол» аясында ұйымдастырылды. Контейнерлік пойыз 17 наурыз күні Наньнинг халықаралық теміржол портынан жолға шықты және 5 мың км-ден астам жолды жүріп өтіп, ауыр құрылыс техникасы тиелген 49 қырық футтық контейнерлерді жеткізді.

Жүкті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – қазақстандық мультимодальдық оператор «KTZ Express» АҚ тасымалдады. Компания жылжымалы құраммен қамтамасыз ету, экспедиторлық қызмет, жүк құжаттар пакетін рәсімдеу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынды.

Жаңа логистикалық канал жүктің жеткізу уақытын 3 есе үнемдеді. Бұған дейін құрылыс техникасы автомобильмен тасымалданатын. Жеткізу уақыты 45 тәулікті құрайтын.

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от KTZ EXPRESS (@ktz_express)