Қарастырылып отырған кезеңде республикалық теміржол желісінде күн сайын орта есеппен 10 730 жолаушылар пойызы жұмыс істеген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық.
Оған қоса трансшекаралық жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюы байқалды: 2024 жылдың алғашқы 8 айында Гуанчжоу-Шэньчжэн-Гонконг жүрдек бағытын 18 миллионға жуық адам пайдаланған. Қытайдың Юньнань провинциясының әкімшілік орталығы – Куньмин қаласын Лаос астанасы Вьентьянмен байланыстыратын Қытай-Лаос темір жолында 2023 жылдың сәуірінде трансшекаралық жолаушылар пойызы қозғалысы ашылғаннан бері 163 мың жолаушы тасымалданған.
Жолаушылар тасымалының өсуіне ішкі туризмнің дамуы да ықпал етуде. Ең жоғары көрсеткіштер Қытайдың жаңа жылы (көктем мерекесі) және күздің ортасындағы фестиваль кезінде орын алған.