2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қытай темір жолының ұзындығы 159 мың шақырымды құраған еді, оның ішінде 45 мың шақырымы жоғары жылдамдықты теміржол.
2012 жылдан бері Қытайдың теміржол инфрақұрылымы белсенді түрде дамып келеді, жыл сайын орта есеппен 3000 шақырымға жуық жоғары жылдамдықты желі пайдалануға берілді. Содан бергі жылдар ішінде теміржол желісінің жалпы ұзындығы 64,2%-ға, жоғары жылдамдықты желілер 392,2%-ға ұлғайды. Жоғары жылдамдықты желілер Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағын қоса алғанда, ірі (500 мыңнан астам халқы бар) қалаларының 96%-ын қамтиды.
Жоғары жылдамдықты теміржол желісін кеңейту елдегі ірі агломерациялары арасындағы жол жүру уақытын орта есеппен 3 есеге қысқартуға мүмкіндік берген, бұл осындай желілер қызмет көрсететін аймақтардың өндірістік және әлеуметтік дамуына ықпал етуде.
Бейжің - Гуанчжоу, Бейжің - Ухань сияқты бірқатар жоғары жылдамдықты желілерде пойыздар максималды 350 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Рұқсат етілген жылдамдығы 300 - 350 км/сағ желілердің жалпы ұзындығы 20 мың км (43%), ал 200 - 250 км/сағ жылдамдықпен - 26 мың км (57%) құрайды.
Айта кету керек, әдетте Қытайда жаңа желілер жыл соңында пайдалануға беріледі.