Соның нәтижесінде елдегі темір жол желісінің ұзындығы 155 мың км жетті. Мұндай дерек Қытай темір жолдары жөніндегі жыл сайын өтетін конференция барысында айтылды, деп хабарлады Rail-news.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Қытайда жолаушылар пойызы 1,61 млрд жолаушыны тасымалдаған, бұл осы жылы жоспарланған көрсеткіштен және 2021 жылмен салыстырғанда төмен. Дегенмен, жүк тасымалы артып 3,9 млрд тоннаға жеткен. Ал, теміржол инфрақұрылымын дамытуға тартылған инвестиция 710,9 млрд юанға жетті, бұл 105 млрд АҚШ доллары шамасында.
2023 жылы қытайда 2,69 млрд жолаушыны және 3,97 млрд тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Оған қоса жаңадан 3000 км темір жол желісін іске қосуға ниетті, оның 2500 шақырымы жылдамдығы жоғары пойыздарға арналған.