К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қаңтар 10:06

Қытайдан Еуропаға 2024 жылдың алғашқы жүк пойызы жөнелтілді

Қытай-Еуропа халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында 2024 жылдың алғашқы жүк пойызы Ляньюньган қаласынан аттанды.

Автобөлшектер, тұрмыстық техника, механикалық құрал-жабдықтар және басқа да тауарлар тиелген жүк пойызы Цзянсу провинциясының Ляньюньган қаласынан жолға шықты.  

Ол Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы «Қорғас» шекара бекетіндегі мемлекеттік шекарадан өтіп, Қазақстанға келеді. Бұл Қытай-Еуропа халықаралық жүк тасымалы бағыттарының бір бөлігі ретінде 2024 жылғы Ляньюньган қаласынан аттанатын алғашқы жүк пойызы.