К 30-летию Независимости Казахстана | 18 тамыз 10:08

Қытайдан Орталық Азияға жаңа темір жол бағыты ашылды

Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портын Қазақстан арқылы Өзбекстанмен жалғайтын жаңа темір жол бағыты ашылды. Бұл Қытай портының Орталық Азияға шығатын маңызды қақпасы болып отыр.

Қытайлық «Уси жибао» басылымының жазуынша, аталған пойыз Уси қаласынан шыққан. Алдымен ол Қытайдың солтүстігіндегі Цзянсу елдімекенінде орналасқан Ляньюньган портына барған. Пойыз ары қарай Қазақстанға жетіп, артынша соңғы бағыты Өзбекстанға аттанады.

Пойызбен жүк жеткізу аралығы 20 күн болады деп болжанып отыр. Оған 4,4 млн доллар сомасындағы 1000-нан астам тауар түрі тиелген, оның ішінде  тұрмыстық техника мен автобөлшектер бар.  Бұл қызмет қарсы бағыт бойынша да жұмыс істейді. Өйткені Ляньюньган порты Жапония мен Сингапур нарығы үшін экспорт қақпасы.

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»