Ұзынқұрамды пойыздарды құру жүктерді жеткізу жылдамдығын, локомотив өнімділігін және пойыз салмағы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған технология сондай-ақ кері бағытта да жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Алтынкөл және Қорғас шекаралық стансалары арасында пойыздарды өткізу және тасымал көлемі артпақ.
2019 жылдың 9 айында аталған шекаралық өтпеден ҚР-дан ҚХР 390 мың тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% артық. Кері бағытта – 2,5 миллион тонна өтіп, өсім 56% құрады.
Жыл сайын контейнерлік пойыздар саны арта түсуде. Ағымдағы жылдың 9 айында 1076 пойыз қабылданды және өңделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 48% жоғары.
Алтынкөл стансасы арқылы контейнерлік құрамдар Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Әзірбайжан, Грузия және Еуропа елдеріне жөнелтілуде.