Сынақ елдегі Фучжоу - Сямэнь - Чжанчжоу алғашқы транстеңіз жоғары жылдамдықты желісінде жүргізілді.
453 км/сағатты ең жоғары жылдамдық Мейчжоу шығанағындағы көпірде, яғни екі пойыз бір-біріне қарай қозғалған кезде тіркелді. Қазіргі уақытта Қытайдың ең жылдам пойыздары сағатына 350 шақырым жол жүреді, олар Пекин-Шанхай, Пекин-Тяньцзинь, Пекин-Чжанцзякоу және Чэнду-Чунцин бағытындағы жоғары жылдамдықты магистральмен қатынайды.
Қытай жақын аралықта тағыда бірнеше жоғары жылдамдықты магистраль салуды жоспарлап отыр. CR450 пойыздарының жаңа буынын дамыту ҚХР-ның 14-ші бесжылдық даму жоспарында қарастырылған (2021-2025).
Сынақ барысында көпірлерде, тоннельдерде және бұрмалы телімдерде әртүрлі жылдамдықпен жүретін 57 зерттеу жасалды. Олар қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру, дірілдеу сипаттамаларын жақсарту, жеделдету және тежеу көрсеткіштері бойынша жаңа ішкі жүйелердің тиімділігін растады.
Сынақ бағдарламасына әртүрлі мекеменің сарапшылары қатысты, соның ішінде Қытай Теміржол ғылымдары академиясының (CARS), CRRC корпорациясының және үш ұлттық университеттің өкілдері бар.