К 30-летию Независимости Казахстана | 11 ақпан 09:20

Қытайға жүк тасымалы артады

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басшылығы Қазақстанның ірі жүк жөнелтушілерімен кезекті кездесу өткізді. Бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру, тасымалдау көлемін ұлғайту мүмкіндігі, шекара маңындағы станцияларда жүктерді беру мен қабылдауды жеделдету жөніндегі шаралар мәселелері талқыланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов жүк жөнелтушілерге экспорттық жүктерді ҚХР-ға уақтылы беру үшін алдын ала жоспарлаудың дұрыстығын және айлық тиеудің біркелкілігін қамтамасыз етуді ұсынды. Іс жүзінде, ай басында жүктің аз мөлшері тасымалдауға ұсынылады, ал соңына таман көлемдер арта бастайды. Бұл ресурстарды ұтымсыз пайдалануға және мемлекетаралық түйісулерде вагондардың жиналып қалуына әкеледі.

Қытайға жүк көлемін арттыру үшін Алтынкөл станциясы арқылы тиеуді қайта бағдарлауды жалғастыру ұсынылды. Сондай-ақ, контейнерлерде тасымалдау жеткізу мерзімдерін сақтай отырып, жүк көлемін экспорттауды қамтамасыз ететіні атап өтілді.

Өз кезегінде жүк жөнелтушілер өз жүктерін контейнерлеу үлесін арттыру ұсынысын оң қабылдады.