К 30-летию Независимости Казахстана | 17 сәуір 12:41

Қытайға теміржол арқылы жүк экспорты өсті

2024 жылдың бірінші тоқсанында Қытай бағытындағы темір жол көлігімен экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1% өсіп, 3,2 млн тоннаны құрады.

Достық – Алашаңқай шекара өткелімен Қазақстаннан Қытайға темір жол арқылы 2,2 млн тонна жүк жеткізілсе, өсім 12,3%, ал Алтынкөл – Қорғас арқылы 1 млн тонна (+44,4%) жүк тасымалданды.

Металл кендерінің экспорты - 5,8%, астық – 27,8%, қара металдар – 2,3 есе, мұнай өнімдері – 12 есе, химиялық жүктер-88,3%, түсті металдар 59,5% ұлғайды.