Астықтың жалпы көлемінің 78%-і (844 мың тонна) контейнерлерде тасымалданды. ҚХР - ға ұнтақ өнімдерін тиеу 3 есеге - 344 мың тоннаға дейін ұлғайды, бұл көлемнің барлығы да контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы астық тиеу 200 есеге, ұнтақ өнімдері 6,5 есеге өсті.
Қытай тарапы Алашаңқай станциясындағы контейнерлік терминалдың жүргізіліп жатқан жаңғыртылуы туралы хабардар етті және астық тасығыштар мен жабық вагондарда астық жүктерін тасымалдау көлемін уақытша ұлғайтуды және Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы жүк ағындарын ұлғайтуды сұрады.