Сапар барысында делегация паром кешенінің қызметі мен инфрақұрылымымен танысты.
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов қонақтарды порттың өткен жылдардағы жұмысының нәтижесімен таныстырды, сонымен қатар ТХКБ бағыты бойынша логистиканы дамыту жоспарлары туралы баяндады», – делінген Құрық порты таратқан мәліметте.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Құрық порты мен SPG Port of Rizhao арасында достық қарым-қатынас орнату бойынша келісімге келді.