Жұмысшылардың әлеуметтік-кәсіби мүдделерін көздеуде белсене еңбек етіп жүрген «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Мұхамбетов Мақат ауданының Құрметті азаматы атанды.
Оған жоғары марапатты аудан әкімі Шәкір Кейкин табыстап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығын сақтауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.