Қызметкер әртүрлі жағдайға байланысты жұмысқа кешігіп қалуы мүмкін. Мұндай кезде кейбір жұмыс берушілер қызметкерге айыппұл салып, айлығынан ұстап қалып жатады. Оның бұл әрекеті қаншалық заңды? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.
Маманның айтуынша, заң бойынша жұмыс берушінің айыппұл салуға құқығы жоқ.
ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес жұмыс берушіге қызметкердің жұмыс сапасы ұнамаса немесе сәйкес келмесе, тек тәртіптік жаза қолдана алады. Олар:
Ескерту; Сөгіс; Қатаң сөгіс.Ал жалақыдан айыппұлды заңсыз ұстап қалу еңбек заңнамасын бұзу саналады.
"Яғни Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді ақшалай айыппұлмен жазалай алмайды. Мұндай жағдайларда қызметкер құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясына шағым түсіре алады", - деді ол.
Қызметкер не істей алады?Егер жұмыс беруші айыппұл салып, жалақыдан ұстап қалса:
Жұмыс берушіден түсініктеме талап ету керек (жазбаша): не себепті, қандай еңбек тәртібін бұзушылық үшін екенін, қандай заң нормасын бұзғаныңыз жөнінде; Еңбек инспекциясына (еңбек басқармасы) шағымдану керек; Сотқа жүгіну керек.Алайда қызметкерлер жұмыс берушінің мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік бар екенін ұмытпауға тиіс:
Жұмыс берушінің қолма-қол мүлкі нақты азайса; Аталған мүліктің жай-күйі нашарласа; Жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығындар не артық төлемдер жүргізсе.Дереккөз: Massaget.kz